-Мектеп оқушылары «Шын жүректен құттықтаймыз!» айдарымен қабырға газетін шығарды. -Кітапханада «Әлемнің кілті- анада» атты бұрыш жасалды, бастауыш сынып оқушыларымен осы тақырыпта әңгіме өткізілді.
-Бастауыш сынып оқушылары «Көктем гүлін арнаймын» сурет көрмесіне өз суреттерін ұсынды.
-Барлық 1-11 сыныптар аралығында аналарды құттықтауда отбасы бағытында тақырыптық тәрбие сағаттары өткізілді.Оқушылар аналарына дайындаған концерттік номерлерін -жаттаған өлеңдерін оқыды, әндерін айтты,жылы лебіздерін білдірді.Аналар туралы өз ойларын қағаз бетіне түсірді, ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы ойын ойналып, соңында өз сыйлықтарын сыйлады.
-7 наурыз сабақ соңында оқушылардың күшімен дайындалған мерекелік концерт өтті. Мереке басында мектеп директоры Жакупова Н.О. барша ұстаздарды, қызметкерлерді, ата-аналарды мейраммен құттықтап зейнет жасындағы қызметкерлерді «Алғыс хатымен» марапаттап, сыйлық табыстады.