6 желтоқсан - 25 жұлдызды күннің «Мәдениет және руханият» күні. «Мәңгілік ел – ән-жырымның арқауы» атты мерекелік патриоттық әндер кеші өтті.
Мақсаты: Тәуелсіздік мерекесіне патриоттық әндерді орындау. Сахналық өнер арқылы Отансүйгіштікке, елін құрметтеуге, қастерлеуге , оқушылар бойында шынайы, жалынды патриоттық рухты тәрбиелеу.
Жауапты мұғалімдер: Байбулова Л.Н., Омар К.Қ.
Әндер кеші бастауыш сыныптар мен 5-8 сыныптардың қатысуымен өткізілді.
2 «а»-сынып оқушысы Жанбырбаев Олжас «Жас ұландар» әнін, 2 «б» сыныбының оқушылары Құмар Малика,Оспанова Амина «Жаса мәңгі Қазақстан» әнін, 3«а»- сынып оқушылары Айтмұхамбет Дильназ,Оспанова Дарина «Қазақстаным»әнін, 3« б»- сынып оқушысы Ахмадиева Азиза «Жас ұландар» әнін, 4а- сынып оқушылары Аңсаған Таңсұлу мен Аубакирова Арайлым «Астана» әнін және 4а- сынып оқушысы Шаймарданова Амина, 4«б» -сынып оқушысы Дарошев Ералы патриоттық әндер орындады.